Токсокароз — бұл ит гельминттерінің (Toxocara canis) дернәсілдері (личинкалары) адам ағзасында көшіп-қонып (миграциялап) жүруінен туындайтын ауыр ауру. Адам токсокара үшін — «тұйық ие» болып табылады. Бұл паразит ішек құртына айналмайды, керісінше микроскопиялық дернәсілдер түрінде қан ағымымен түрлі мүшелерге (өкпе, бауыр, көз, ми) таралады, сол жерге тұрақтап, қабыну тудырады.
Неліктен бұны диагностикалау қиын?
Дернәсілдер үнемі қозғалыста болады. Бүгін олар бауырда болса, ертең — өкпеде. Ағза оларға қарсы шабуыл жасап, соның салдарынан өте күшті аллергиялық реакция пайда болады. Осы себепті, жиі жағдайда аурудың нағыз себебін ескерусіз қалдырып, пациенттерді демікпеден (астмадан) немесе атопиялық дерматиттен емдеп жатады.